
24.02.2026ж. Астана қаласында Министрліктер Үйінің ғимаратында барлық ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелермен Комитеттердің қатысуымен "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы қызметін қорытындылау және 2026 жылға арналған міндеттерд іайқындау"тақырыбында алқа отырысы өтті.
Алқабарысында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижелері,сондай-ақ еңбекзаңнамаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі талданды.
Отырыста 2025 жылы еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелері қызметінің басымдықтары жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және азайту, қызметкерлердің еңбекқұқықтарын қорғау, еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу және еңбек процестерін цифрландыруды жетілдіру негізінде қалғаны атап өтілді.
Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша жұмыс берушілермен профилактикалық жұмыс күшейтілді, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау қамтамасыз етілді, жалақы бойынша берешекті төмендету бойынша шаралар қабылданды, еңбекті қорғау және жалпы ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізілді.
Алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылау шеңберінде 2026 жылға арналған жұмыстың келесідей бағыттары айқындалды:
2026 жылы қойылған міндеттерді іске асыру әлеуметтік тұрақтылықты одан әрі нығайтуға, азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға және еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін дамытуға бағытталатын болады.