
«QSR» ЖШС (Burger King) қызметкеріне қатысты жағдай туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін хабарлайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың Алматы қ. тұрғылықты мекен жайына барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (“QSR” ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды.
Алдағы уақытта жағдайдың даму барысы қосымша хабарланатын болады.