2025 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы С.С. Оразбеков «2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылына» орайластырылған жұмыс сапарына қатысты. Жұмыс сапарына қатысушылар Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында орналасқан өндірістік кәсіпорындарға баруды жүзеге асырған. Жұмыс сапары барысында өндірістік кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіліп, оның барысында еңбек жағдайлары және қызметкерлердің жұмыстарын орындау барысында жұмыс беруші тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.