Хабарландыру!

Хабарландыру!

Техникалық ақауларға байланысты balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесінің жұмысы тоқтатылды.  Сайт жұмысы 2025 жылғы 23 ​​мамырда сағат 13.00-ден бастап жалғастырылатын болады.

12.05.2025ж берілген орындар жүйе жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін, жолдама алу үшін 26.05.2025ж сағат 6.57-ден бастап қол жетімді болады.

 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарды толымдау кестесі келесідей жаңартылды:

- 26.05.2025 ж. 2021 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады

1) Орындар 27.05.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2021  жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады;
2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 30.05.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады.

- 02.06.2025 ж. 2022 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады

1) Орындар 03.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2022  жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады;
2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 06.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады.

09.06.2025 ж. 2023 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады

1) Орындар 10.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2023  жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады;
2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 13.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады.

Назар аударыңыз! Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары 1 тамызға дейін бара алады.

Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша (бос
орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т.б.)
Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық қолдау телефон нөмірі: +7 (771) 030-17-48. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт).

 

Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінушілікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз!