Алматы қаласындағы колледж педагогтерін қолдау жөнінде

Алматы қаласындағы колледж педагогтерін қолдау жөнінде

2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2025 жылдың 26 наурызында Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы базасында Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің ұйымдастыруымен ТжКББ жүйесінің республикалық деңгейдегі конкурстарының үздіктері мен жеңімпаздарына құрмет көрсету, яғни, республикалық «Үздік педагог», салалар бойынша кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздарын және World Skills Kazakhstan чемпионатында шәкірттері жеңіске жеткен ұстаздарға құрмет көрсету рәсімі өткізілді.
Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогтерінің мәртебесін көтеру, кәсіби байланыс аймағын кеңейту, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ету және ТжКББ саласындағы озық тәжірибелерді насихаттау.
Шара барысында педагогтермен тәжірибе алмасу, шеберлік сабақтары және сұхбат алаңдары құрылып, Алматы қаласындағы колледждердің жас ұстаздары білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен танысып, өздерінің кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар бұл іс-шараға ардагер ұстаздар құрметті қонақ ретінде шақырылып, жас педагогтерге өзінің игі тілектерін білдірді. Бұл жас педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беретіні анық.
Осы іс-шараның өткізілуіне үлкен қолдау көрсеткен «Ұстаз» кәсіподағына алғысымызды білдіреміз.