Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) 2025 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында конкурстық құжаттарды қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйым басшысы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім басқармасының Құжаттамалық қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімшесіне (келесі деректемелерді көрсете отырып: ұйымның атауы, БСН, мекен-жайы, телефоны) eotinish.gov.kz. платформасы арқылы электрондық форматта жіберіледі.
Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Білім басқармасының Құжаттамалық қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚҚҚБ) мына мекенжай бойынша қағаз форматта тапсырады: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 109 кабинет. Телефон: 225-17-93; 225-17-94.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалға алу шартының көшірмесі - өз ғимараты/үй-жайы болған жағдайда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды:
- құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында (3 жұмыс күн) жүргізіледі;
- 2025 жылдың 14 мен 20 наурыз аралығында Комиссия тіркеу аяқталған сәттен бастап мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды (5 жұмыс күн);
- 2025 жылдың 26 наурыз – 1 сәуір аралығында Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады (5 жұмыс күн);
- 2025 жылдың 2 мен 4 сәуір аралығында Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Комиссияның ұсынылған құжаттарды қарау рәсімі Қалдаяқов көшесі, 62а, 5-қабат, 500 кабинет мекенжайында орналасқан "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік" орталығында ұйымдастырылады.