Алматыда «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсы басталады

Алматыда «Үздік орта білім беру ұйымы»  грантын тағайындау конкурсы басталады

Алматыда тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жинақтау және тарату, педагогтер мен орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру мақсатында «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын тағайындау байқауы өткізіліп келеді. Байқауға қатысуға барлық  мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жіберіледі.

Байқау республикалық бюджет қаражаты есебінен өткізіледі. Бас жүлде – «Үздік білім беру ұйымы» гранты. Оның мөлшері ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.

Байқау  негізінде «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері білім беру ұйымын материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

          2025 жылы байқау екі кезеңде өтеді:

          I аудандық кезең -2025 жылғы 1 - 11 сәуір аралығында.

          II қалалық кезең - 2025 жылғы 5 - 30 мамыр аралығында.

          I және II кезеңдердің конкурстық комиссия құрамына білім саласының  мамандары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, психологтер, қоғамдық ұйым өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері кіреді.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеу төмендегідей критерийлер бойынша жүзеге асырады: оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу; сапалы білім беруді қамтамасыз ету; білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету; материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау; білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау; педагогтер мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау; инклюзивтік білім алуға жағдай жасау; соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы; білім беру сапасын басқару; білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қалалық кезеңге құжаттар 2025 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 62 А мекенжайы бойынша 211 кабинетте Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі бөлімі қабылдайды.    

Құжаттар «Гранттар байқауы» деген белгімен aiman_bigalieva@mail.ru электрондық поштасына  қабылданады.

Ұсынылған құжаттар негізінде тиісті деңгейдегі конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

Байқауға  қатысу үшін білім беру ұйымдары белгіленген мерзімде байқау  комиссиясына  мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. байқауға қатысуға өтінім;
  2. осы қағидалардың 11-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес тиісті материалдарды ұсыну.
  3. «орта білім берудің үздік ұйымы» қалалық конкурсының аудандық кезеңінің ХАТТАМАСЫ.