Мектеп директорларына арналған оқыту тренингі

Мектеп директорларына арналған оқыту тренингі

Алматы қаласының Білім басқармасы мектеп директорларының біліктілігін арттыруға ерекше назар аударады. Атап айтқанда, басқарушылық дағдыларды, соның ішінде төтенше жағдайларда кәсіби әрекет етуді жетілдіруге басымдық береді.

“Абыройлы басқару және дағдарысқа қарсы коммуникациялар” тақырыбында Ауэзов ауданының мектеп директорларына арналған оқыту курсы №97 жалпы білім беретін мектепте өтті.

Тренинг барысында қатысушылар коммуникацияны жоспарлау және алдын алу шараларын әзірлеу, баспасөзбен жұмыс істеу және қоғамды ақпараттандыру әдістерімен танысты.

Мектеп директорларының айтуынша, тренинг қызу әрі қызықты өтті, ал ақпарат түсінікті тілде жеткізілді. Әсіресе, қатысушылар беделдік тәуекелдерді бағалау мен дағдарысты басқару шараларын жоспарлаудың заманауи әдістерін жоғары бағалады. Әлеуметтік желілердің кең таралу жағдайында жалған ақпараттың жылдам әрі бақылаусыз таралуы үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан кез келген сынға жедел әрі кәсіби түрде жауап беру аса маңызды, себебі ол қоғамдық резонансқа ұласуы мүмкін.

Тренинг авторы – Қуат Домбайдың медиа, қоғаммен байланыс (PR), мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік (GR) және персоналды басқару (HR) саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол телекоммуникация, банк және мұнай-газ секторларындағы бөлімшелерді басқарған, ҚР СІМ-де кадрлық дипломат болған, сондай-ақ 2014-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. Қуат Домбай – Қазақстанда және шетелде кеңінен танылған бірнеше бестселлердің авторы.