Алматыда жыл сайын жасөспірімдер арасында және оларға қарсы қылмыстар жасалады.
Қайғылы статистиканың өсуінің негізгі себептері қазіргі жасөспірімдер өмірінің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желілер болып табылады. Алайда олардың әсері әрқашан оң әсер ете бермейді.
Соңғы жылдары әлеуметтік желілердің агрессивті және қылмыстық контентті тарату алаңына айналу үрдісі байқалуда. Жасөспірімдер виртуалды ортада болған кезде әртүрлі арандатушылықтарға ұшырауы мүмкін, бұл өз кезегінде әртүрлі құқық бұзушылықтарға әкеледі.
Әлеуметтік желілер жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге итермелейтін анонимдік елесін тудырады, өйткені виртуалды әлемде үнемі болу шындықтың шекарасын бұлдыратады.
Көптеген жасөспірімдер өздерінің мінез-құлқының салдарын әрқашан дұрыс бағалай алмайды, ал бұл құқық бұзушылық қаупін арттыратынын айта кету керек.
Аталған әсердің алдын алу үшін жасөспірімдерге интернетті қауіпсіз пайдалануды үйрету, құқықтық білім деңгейін көтеру, ата-аналар мен білім беру мекемелерінің тарапынан бақылау сияқты кешенді шаралар қажет.
Осындай жағдайларда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін білім беру ұйымдарында сапалы тәрбие жұмыстарын жүргізу бірінші орынға шығады.
Дегенмен, оқу орындарының барлығында бірдей жасөспірімдерді тәрбиелеудің тиімді жүйесі жоқ, себебі білім алушылардың ата-аналары мен колледж арасындағы өзара қарым-қатынас әлсіз.
Дәл осы мәселелер 2025 жылдың 11 ақпанында Оқушылар Сарайында Алматы қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша қалалық колледж білім алушылары арасында өткен білім Басқармасы жанындағы Қалалық кеңестің күн тәртібіне қойылды.
Аталған жиынға прокуратура мен ювеналды полиция өкілдері, білім Басқармасының басшысы, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, мегаполистегі барлық колледждердің директорлары қатысты.
Жиын барысында прокуратура өкілдері 2024 жылы Алматы қаласындағы колледж студенттерінің жасаған құқық бұзушылықтары туралы нақты статистикалық мәліметтерді ұсынған баяндамалар жасады. Сонымен қатар, қызметкерлер жасөспірімдер қылмысының өсуінің басты себептерінің бірі студенттердің ұйымдастырылмаған бос уақыты екенін атап өтті.
Жиында озық тәжірибе алмасу шеңберінде екі колледждің директорлары оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласындағы жаңашыл технологиялармен бөлісті.
Жиын қорытындысы бойынша Алматы қаласы білім Басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов колледж директорларына психологиялық көмек мен құқық бұзушылықтың алдын алу қызметін күшейту, оқытушылардың кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыру, «тәуекел тобындағы» балалармен жүйелі жұмыс орнатуды тапсырды. Ең басты мәселе, студенттерді мектептен тыс іс-шараларға тартудың жаңа форматтарын табу болып табылады.