2025 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асырудың басталуына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Іс-шара барысында Мәңгілік алауға гүл қою, «Әскери Даңқ» мұражайына экскурсия, сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Жиынға Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, ардагерлер, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, Бостандық ауданы мектептерінің оқушылары, сондай-ақ «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтарының тәрбиеленушілері қатысады.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасының негізгі мақсаты – жас ұрпақты патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке баулу, оқу үдерісінде және сыныптан тыс іс-шараларда әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаларды тиімді енгізу.
Құрметті қонақтар:
• Генерал-майор Исенгулов Айткали Гусманович
• Генерал-майор Телегусов Махмут Отегенович – «Генералдар кеңесі», «Офицерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы
• Смагулов Урандас Мұқашұлы – «Генералдар кеңесі», «Офицерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасының бірінші көмекшісі
• Буламбаев Данияр Кенесович – Алматы қаласы «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары
• Полковник Турғанбаев Арман Оңғарбаевич – Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы
• Саденов Жангелді Саденұлы – Бостандық ауданы «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы
• Абилханов Рахым Абилханович – Бостандық ауданы бойынша жастарды адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі ардагерлер комиссиясының төрағасы
• Канатов Марат Кенжегалиевич – Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт ғылыми-зерттеу орталығы, АӘТД бөлімінің басшысы, Алматы қаласы бойынша «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы
• Корғанбеков Нұрлан Тәжібаевич – АӘТД әдіскері
• Байкадомова Алуа – «Әскери Даңқ» мұражайының директоры
Іс-шара бағдарламасы:
• 10:30-10:50 – Қатысушыларды тіркеу
• 10:55 – Сапқа тұрғызылу
• 11:00 – Мәңгілік алауға гүл қою
• 11:15-11:40 – «Әскери Даңқ» мұражайына экскурсия
• 11:50 – Офицерлер үйінің 5-қабатындағы Акт залына кіру
• 12:00-12:30 – Концерттік бағдарлама
Бұл бастама еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа кезеңін айқындап, жастардың рухани дамуына және отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.