ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама

ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің  2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген  Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 7-тармағына сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі - ТжКБ) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, аймақтық кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) орналастырылады.

ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (ТжКБ ұйымдары) көрсетілетін қызметті берушіге Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында (бұдан әрі-Стандарт) көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 21 мамырдан бастап 28 мамырға дейін жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету үрдісінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

Қағидалардың 101-тармағына сәйкес ТжКБ ұйымдарын айқындау кезінде Комиссия келесі негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ТжКБ ұйымына қойылатын білім беру саласындағы уәкілетті орган талаптарының орындалуын растайтын ақпаратты басшылыққа алады:

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес даярлық бейінін ескере отырып (ауылдық елді мекендерде орналасқан ТКОБКБ, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) мәлімделген мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның болуы;

2) мамандықтар (біліктіліктер) бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, оқу полигондарының, білім беру процесін ұйымдастыру үшін оқу-өндірістік базалардың болуы;

3) жалпы педагогтер санынан педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог-зерттеуші, педагог-шебер, жоғары және бірінші санаттағы педагогтер және магистрлердің болуы (30%-дан төмен емес);

4) педагогтердің жалпы санынан кемінде 70% штаттағы педагогтердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТКОБКБ ұйымдарында 50%-дан кем емес);

5) студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алу, жедел басқару, сенімгерлік құқығында тиесілі, жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы);

6) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін жағдайлардың болуы (пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап);

7) Заңның 9-1-бабына сәйкес институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы;

8) мәлімделген мамандықтар бойынша ТКОБКБ ұйымын бітірген соң бітірушілердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.

Бұл талап жаңа мамандықтар, сондай-ақ бітіру жүзеге асырылмаған мамандықтар бойынша мәлімделген ТКОБКБ ұйымдарына таралмайды;

9) білім алушыларды дуальды оқытумен, өндірістік практикамен қамту;

10) мәлімделген мамандық бойынша жұмыс берушілермен немесе Индустриялдық кеңеспен келісілген білім беру бағдарламаларының болуы;

11) мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламаларының немесе жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы;

12) мәлімделген мамандықтар шеңберінде өңірлік деңгейде WorldSkills (Ворлдскилз), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) чемпионаттарына (бұдан әрі – чемпиионат) қатысқан құзыреттер саны. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ чемпионат өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды;

13) сайттың, әлеуметтік желілердегі аккаунттың болуы;

14) ТКОБКБ ұйымының мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар саны;

15) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтер.

Қағидалардың 101 және 102 тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Комиссия ТКОБКБ ұйымдарынан растайтын құжаттарды сұратады.