Алматы қаласы Білім басқармасы қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

Алматы қаласы Білім басқармасы қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

Алматы қаласы Білім басқармасы қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

     Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығына сәйкес  (бұдан әрі – Қағидалар)  2024 жылдың 8 мен 12 ақпан аралығында конкурстық құжаттарды қабылдайды.

          Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйым басшысы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім басқармасының Құжаттамалық қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімшесіне (келесі деректемелерді көрсете отырып: ұйымның атауы, БСН, мекен-жайы, телефоны) eotinish.gov.kz. платформасы арқылы электрондық форматта жіберіледі.

          Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Білім басқармасының Құжаттамалық қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚҚҚБ) мына мекенжай бойынша қағаз форматта тапсырады: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. Телефон: 87022577249; 87011634856.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

             1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

           2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

          3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

       4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды:  

         - құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 8 мен 12 ақпан аралығында                           (3 жұмыс күн) жүргізіледі;

          - 2024 жылдың 13 мен 19 ақпан аралығында Комиссия тіркеу аяқталған сәттен бастап мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды (5 жұмыс күн);

        - 2024 жылдың 20 мен 26 ақпан аралығында Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады (5 жұмыс күн);

        - 2024 жылдың 27 мен 29 қазан аралығында Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

        Комиссияның ұсынылған құжаттарды қарау рәсімі Қалдаяқов көшесі, 62а,                    1-қабат, 102 кабинет мекенжайында орналасқан "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік" орталығында ұйымдастырылады.