2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген алқа жиыны өтті

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген алқа жиыны өтті

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген алқа жиыны өтті

 

2024 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б.Нүсіпованың қатысуымен Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, арнайы интернаттық мекемелердің, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының, «Дарын» орталығы, дене шынықтыру және спорт орталығы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Ұстаз» білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшылары қатысты.

Жиында Басқарманың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2024 жылға қойылған басты міндеттері талқыланды.               

Қашанда білім беру жүйесі жетістігінің бірден-бір көрсеткіші оқушылардың жетістігімен бағаланған. Алматы қаласының оқушылар командасы өткен жылы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиадада ГРАН ПРИ иегері атанып, 45 қатысушының 30 оқушысы (67%) медальға ие болды.

Алматы құрамасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша командалық есепте 43 жүлделі орынға ие болып (9 алтын, 14 күміс және 20 қола медаль), «Үздік олимпиадалық команда – 2023» атанды.

Республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытындысы бойынша Алматы құрама командасы «Ең үздік команда – 2023» атағына ие болды (жетістіктері: 55 жүлделі орын: 15 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль)

Алматы қаласының командасы 20 жылдан астам уақыт бойы республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық командасы» болып табылады. Бұл қаланың басты жетістігі мен мақтанышы.

Сонымен қатар халықаралық конкурстардағы, жарыстардағы жеңістер рейтингінде Алматы қаласы бірінші орынға ие болды.

Спорттық жарыстар бойынша Алматы командасы «Жұлдызай» Ұлттық Инклюзивті ойындар Республикалық жарысында 55 жүлделі орынға ие болып, жалпы командалық есепте I-орыннан көрінді.

Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің командасы Республикалық спартакиадада I-орын алды.

Сонымен қатар республикалық «Үздік дене шынықтыру педагогі 2023» байқауында I-орын орынға ие болды.

PISA-2022 мектеп оқушыларының білім жетістіктерін халықаралық зерттеу қорытындысы 2023 жылы желтоқсан айында жарияланған болатын. Осы зерттеуде Қазақстан алғаш рет математика және жаратылыстану пәндері бойынша елу көшбасшы елге кірді, Алматы қаласы осы пәндер бойынша республика көлемінде 1 орынға ие болды.

Қаланың білім беру саласындағы тағы бір маңызды жетістік – білім алушылардың білім жетістіктерінің республикалық мониторингі (МОДО) қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары арасында 1-орынға ие болды.

Оқушылардың осындай жоғары жетістіктері – күнделікті балалардың білімін дамытып, дарындары мен ерекше қабілеттерін шыңдайтын ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Қаламыздағы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ишингалиева Айгүл Максотовна  ЮНЕСКО серіктестігімен ұсынылған 2023 жылғы 1 миллион АҚШ доллары тұратын  «Әлем мұғалімі» конкурсынына қатысып, Жаһандық Ұстаз сыйлығының 50 үздік финалисі атанды.

Сондай-ақ, жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы бойынша алматылық 6 педагог 3 млн. теңге көлемінде республикалық грант иегері атанды.

Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен қалалық «Алматы ұстазы» байқауы өтіп, жеңімпаз атанған 5 педагог Сингапур елінде халықаралық тағылымдамадан өтсе, бас жүлде иегері №159 гимназия ұстазы Анапияева Салтанат қала әкімі атынан қосымша 5 млн теңге грантқа ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша қаламыздың студенттері елден тыс жерлерде керемет нәтижелерге қол жеткізуде. Өткен жылы Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері АҚШ пен Германияда өткен халықаралық жарыстарға қатысты. 2 студентіміз әлемдегі ең үздік жас дәнекерлеушілер мен сантехниктердің ондығына кірді. Алматы сән және дизайн колледжінің студенті елімізді Хельсинкидегі WorldSkills Finland 2022 көрмесінде таныстырды. Ал Энергетика және электрондық технологиялар колледжінің оқушылары тиісінше EuroSkills Graz 2021 және EuroSkills Gdansk 2023 чемпионаттарында үздік 10 жас маман қатарына енді.

Әрбір білім беру мекемесінің ең маңызды миссиясы – қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету. Осыған орай, алқа жұмысына Төтенше жағдайлар департаменті, ювеналдық полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты. Шақырылған спикерлер мектептердегі, оқушылар мен ата-аналар арасындағы проблемалық мәселелерді анықтап, балалардың қауіпсіздігін нығайту үшін өзара әрекеттесу жолдарын ұсынды.

Жиын соңында қаланың білім беру жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттары белгіленді.

Үздік білім беру істерін көрсету үшін Алматы қаласында 10 бағыт бойынша 138 құзыреттілік орталықтары анықталды. Бұл құзіреттілік орталықтары тиісті саладағы көрсеткіштері ең төмен мектептерге бекітілген. Әр мектеп бойынша нәтиже көрсеткіштері анықталады.

Сондай-ақ қаламызда халықаралық француз мектебін ашу, 5 мектепте халықаралық бакалавриат, 5 мектепте үш тілде білім беру, буллингке қарсы халықаралық бағдарлама енгізу, құзыреттілік орталықтары үшін бірыңғай цифрлық платформа құру жоспарлануда. Алдағы уақытта медициналық-педагогикалық, экологиялық, спорттық сыныптар ашу, жоғары оқу орындарымен және колледждермен өзара байланысты нығайту жоспарланып, балаларда ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс күшейтіледі.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру саласында бизнес-инкубаторлар құру, Enactus KZ халықаралық қозғалысына қатысу, JasProject жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.