«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында ата-аналардың әлеуетін көтеру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг

«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында ата-аналардың әлеуетін көтеру жолдары» тақырыбындағы  қалалық семинар-тренинг

   «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында ата-                                     аналардың әлеуетін көтеру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг

   2023 жылғы 05 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығы және «Азамат әлеуеті» Жеке қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты  №9 арнайы мектеп-интернатында  «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында ата-аналардың әлеуетін көтеру жолдары» тақырыбында  қалалық семинар-тренинг өткізілді.

    Семинар жұмысына Алматы қаласының арнайы балабақшаларының меңгерушілері, арнайы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтар  қатысты.

   Семинардың мақсаты: Отбасын психологиялық - педагогикалық тұрғыда қолдауды қамтамасыз ету және тұтас педагогикалық процесті құру үшін ата-аналардың құзыреттілігін арттыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу үшін жағдайлар жасау.

   Семинар – тренингті  «Қазақстан Республикасында ведомствалар тарапынан түрлі санаттағы балалар мен олардың отбасыларын қолдау жүйесі және заңнамалық негіздері» және «Мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектігі бар және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және оларға түрлі қызметтер атқару туралы» тақырыптардағы интерактивті лекциямен Арнайы жəне инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті  Сейсенова Алмагуль Даулетказиевна өткізді.

   Жұмыс барысында спикер «Ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасының мәртебесі және құқықтық жағдайы» және «Мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектігі бар және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында  ата-аналардың әлеуетін көтеру жолдары»  тақырыптарында                         кейс-стади жүргізіп, педагогтер әртүрлі проблемаларды талдап, талқылап, оларды шеше білу жолдарын табуға мүмкіндік алды.