"Халықаралық тағылымдама - педагог біліктілігін арттыру тәсілі ретінде" қалалық семинары
2023 жылғы 28 қарашада "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі" базасында шетелде тағылымдамадан өткен педагогтердің ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді.
Семинардың ұйымдастырушылары: Алматы қаласы білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі және колледж ұжымы.
Семинардың мақсаты: педагогтің кәсіби деңгейін арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, әріптестерімен тәжірибе алмасу, сондай-ақ педагогикалық практикада қолдануға болатын жаңа білім мен дағдыларды игеру.
Шетелдік тағылымдамадан 2 арнайы пән оқытушысы, 7 өндірістік оқыту шебері және 1 директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру құзіреттіліктері бойынша өтті.
Күтілетін нәтиже:
Семинарға Алматы қаласы колледждері директорларының өндірістік оқыту бойынша орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Семинар екі кезеңде өтті: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімде спикерлер Германиядағы және Швейцарияның білім беру жүйесі туралы дуальды білім беру тәжірибесімен бөліссе, практикалық бөлімде дәстүрлі швейцариялық мәзір өндірісінде алған тәжірибелерін көрсетті.