«Арнайы мектеп жағдайында баланың сөйлеу тілін дамытуда кохлеарлы имплантацияның рөлі» тақырыбындағы қалалық семинар
2023 жылғы 24 қарашада Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №5 арнайы мектеп-интернатында «Арнайы мектеп жағдайында баланың сөйлеу тілін дамытуда кохлеарлы имплантацияның рөлі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Алматы қаласының арнайы білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшылары, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, ПМПК және ППТК басшылары, ПМПК және ППТК арнайы педагогтері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар №5 арнайы мектеп-интернаты педагогтері ұйымдастырған жеке және ашық сабақтарға қатысып, сабақ барысында қолданатылатын жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.
Семинардың теориялық бөлімін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Малгаждарова Бибигуль Тюлепбергеновна ашты.
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының әдіскері Бибалинова Зульфира Самарбековна жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде ұрпақ тәрбиелеу мақсатында еліміздің мектептерінде 2023-2025 жылдарға арналған Абай Құнанбаевтың «Толық адам» іліміне бағытталған біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы, №5 арнайы мектеп - интернатының директоры Серкебаева Роза Нүсіповна білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы туралы таныстырып өтті.
Семинар барысында спикерлер келесі тақырыптарда: «Тәрбие шараларында ұлттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру жолдары» - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есимбекова Айкен Иманалиевна, «Кохлеарлы импланты бар балалардың сөйлеу тілін меңгеру ерекшеліктері» - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдраимова Мадина Бактыбаевна, «Оқушылар контингенті және есту, сөйлеу тілін зерттеу құжаттары» - әдіскер-инструктор Самородова Татьяна Николаевна, «Баланың өмір сапасын арттырудағы кохлеарлы импланттың рөлі» - сурдопедагог Махадилова Макпал Сәдуақасқызы, «Кохлеарлы импланты бар балалардың сөйлеу тілін ойын түрінде дамыту жолдары» - әдіскер - тәрбиеші Қадірбаева Жанар Алдабергеновна іс-тәжірибиелерімен бөлісті.
Педагогтердің эмоционалды күйінің алдын-алу, психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру мақсатында педагог-психолог Кылханова Толқын Серікбаевна семинарға қатысушылар арасында «Педагогтің эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыру» атты тренинг өткізді.