Халықаралық тағылымдама бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі қалалық семинар
2023 жылдың 15 қарашасында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің халықаралық тағылымдама бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінде "Темір жолдардың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану техникалық қызмет көрсету және жөндеу" және "Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару" мамандықтары бойынша Финляндияда өткен халықаралық тағылымдама" тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты: тағылымдама шеңберінде алған халықаралық тәжірибемен алмасу, теориялық және практикалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құру, Финляндияның білім беру құрылымындағы ерекшеліктер және теміржол саласындағы жаңа процестерді ескере отырып, тәжірибе мен ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту.
Семинардың ұйымдастырушысы Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі және АМККК ұжымы. Семинарға Алматы қаласы колледждерінің әдіскерлері, арнайы пәндерінің оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Семинар барысында спикерлер Финляндияда тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті, мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ететін болашақта жасалатын жобалар талқыланды.