«WorldSkills чемпиондарын даярлау әдістемесі» халықаралық семинары

«WorldSkills чемпиондарын даярлау әдістемесі» халықаралық семинары

2023 жылы 1 қыркүйекте Алматы полиграфия колледжінің базасында Қазақстанда WorldSkills халықаралық ынтымақтастығы мен қозғалысын дамыту мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттары» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Профессор Гу Чуньхуа, Шанхай Баспа-полиграфия колледжінің партком хатшысы, Шанхай университетінің партком хатшысының ғылым және техника жөніндегі орынбасары, Доцент Ван Дан, Шанхай Баспа-полиграфия колледжінің халықаралық алмасу бөлімінің директоры, Ли Буян, Шанхай Баспа-полиграфия колледжінің оқу орталығы директорының орынбасары, «Баспа медиатехнологиялары жобасы» дүниежүзілік дағдылар байқауының техникалық басшылығы бойынша Қытай сарапшылар тобының жетекшісі, Қытай коучинг тобының жетекшісі, WorldSkills халықаралық сарапшысы, аға инженер, Профессор Кун Линцзюнь, Шанхай Баспа-полиграфия колледжінің Академиялық мәселелер жөніндегі директоры, Алматы қаласы Білім басқармасынан ТжКББ бөлімінің басшысы Е. Абишаев, ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Сүлейменова, АПК директоры Б.Ахметов және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Іс-шара барысында КМҚК «Алматы полиграфия колледжі» (Қазақстан) және «Шанхай баспа ісі және басып шығару колледжімен» (Қытай) бірлесіп бұрын қол жеткізілген уағдаластық бойынша «Би шэн шеберханасы» зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ Алматы полиграфия колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Алматы қаласының WorldSkills сарапшылары үшін «WorldSkills чемпиондарын даярлау және «Баспасөздегі басып шығару технологиялары» құзыреттілігін дамыту практикасы мен әдістемесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды Шанхай Баспа-полиграфия колледжінің оқу орталығы директорының орынбасары, «Баспа медиатехнологиялары жобасы», дүниежүзілік дағдылар байқауының техникалық басшылығы бойынша Қытай сарапшылар тобының жетекшісі, Қытай коучинг тобының жетекшісі, WorldSkills халықаралық сарапшысы, аға инженер Ли Буян өткізді. Семинар аясында келесі мәселелер талқыланды:

- «Баспасөздегі баспа технологиялары» құзыреттілігін дамытудың әлемдік деңгейі;

- конкурстық алаңдағы сарапшылардың рөлі;

- WorldSkills құзыреттілігін ескере отырып, ТжКББ білім беру бағдарламаларын іске асыру.