«Білім алушыларды болашақ мамандығы бойынша олимпиадалар мен байқауларға даярлауды ұйымдастыру» қалалық семинары

«Білім алушыларды болашақ мамандығы бойынша олимпиадалар мен байқауларға даярлауды ұйымдастыру» қалалық семинары

2023 жылдың 31 мамырында Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе панорамасы»  жобасы аясында «Білім алушыларды болашақ мамандығы бойынша олимпиадалар мен байқауларға даярлауды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Алматы қаласының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын даярлау мәселесі бойынша тәжірибемен алмасу. Семинардың ұйымдастырушысы жоғарыда аталған жоба шеңберінде жұмыс жасайтын «Педагогикалық тәжірибе мектебінің» жетекшілерінен құрылған жұмыс тобы болып табылады. Семинарға Алматы қаласы колледждерінің тәлімгерлері мен жас мамандары қатысты.

Семинар барысында колледждерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға және  басқа да іс-шараларыға  тарту арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, студенттерді WorldSkills Kazakhstan конкурстары мен кәсіби шеберлік чемпионатына дайындау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тәлімгерлер шетелде оқытушы кадрлардың тағылымдамасын ұйымдастыру, «BUSINESS MODEL CANVAS» құру, оқу құралдарын әзірлеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар өте нәтижелі болды, жас педагогтар заманауи білім беру үдерісінде жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылауға және шеберлік сабақтарына белсене қатысты.