Алматы қаласының Білім басқармасы қаланың барлық балаларын тамаша мереке – Балаларды қорғау күнімен құттықтайды!

Алматы қаласының Білім басқармасы қаланың барлық балаларын тамаша мереке – Балаларды қорғау күнімен құттықтайды!

Біздің балаларымызға бақытты балалық шақ тілейміз, әр күндері  күлкіге, шаттыққа, жақсы энергияға және ата-аналардың қамқорлығына толы болсын!

Балаларды қорғау күні аясында қалада ауқымды іс-шаралар, қызықты ойын алаңдары жоспарланған. Бұл күні Қазақстан-Британ техникалық университетінің артындағы саябақта (Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысы) сағат 11.00-ден бастап өтетін "Алматы БАЛАFEST-2023" фестивалі жарқын оқиға болмақ.

Қаланың барлық мектептерінде Соңғы қоңырау мерекесі өтеді.

Наурызбай ауданында оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы, барлық мектептерде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны басталады.

Бұл күні «Кітаптар әлемінде» челленджі өтеді, онда қазақстандық жазушылармен кездесулер, оқырмандар конкурстары, сүйікті кітаптарды талқылау, сондай-ақ «Спорт әлемінде», «Балалық шақ досы» челлендждері ұйымдастырылады.

Алматы қаласының орталық саябағында, Молл Апортта балаларды қорғау күніне арналған концерттер өтеді.

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Іс-шаралар жоспары