Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Aлматы БАЛАFEST – 2023» фестивалі

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Aлматы БАЛАFEST – 2023» фестивалі

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен олардың ата-аналары үшін, сондай-ақ біздің қоғамдағы балалардың хал-ахуалына қамқорлық жасайтындар үшін «Aлматы БАЛАFEST – 2023» фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты идеясы – шығармашылықты іске асырудың түрлі бағыттары бойынша балалар мен жасөспірімдерді дамыту және қолдау үшін қаламызда жасалып жатқан игі шараларды қамту. 

Фестиваль аясында бір ай ішінде байқаулар 7 бағыт бойынша 3 кезеңде (мектепішілік, аудандық, қалалық) жалпы 300 мың қатысушының қамтылуымен өткізілуде:

  • «Жұлдызды сәт»
  • «Бояулар құпиясы»
  • «Өнерлі бала»
  • «Жасыл Алматы»
  • «Кітап – білім бұлағы»
  • «Open Air Sport»
  • «Хакатон – IT Universe»

1 маусым күні балаларға арналған ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен қалалық байқаулардың 1000-ға жуық жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 50 халықаралық және республикалық интеллектуалды олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары марапатталады.

Фестиваль бағдарламасы қызықты танымдық ойындар, шеберлік сыныптары, көрмелер және театр қойылымдары сияқты көптеген іс-шараларды қамтиды. Барлық іс-шаралар балалар өздерінің таланты мен шығармашылығын көрсете алатындай етіп ұйымдастырылады, сонымен қатар жағымды энергиямен зарядталады.

Балалар үшін фотоаймақ ұйымдастырылады, онда әркім өзін танымал суретшілермен, спортшылармен, қолөнершілермен, әртістермен және т. б. компанияда түсіре алады.

Фестиваль қала оқушыларын, ата-аналары мен педагогтарын біріктіреді және әрбір бала үшін нақты мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Фестиваль балаларға арналған заманауи жобаларды құрастыру нүктесі және жаңа таланттардың ашылу аумағы болады.

Алматы қаласының Білім басқармасы бұл фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және салауатты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін маңызды оқиға болатынына сенімді.

Фестиваль Қазақ-Британ университетінің саябағы (Төле би және Абылай хан көшелері қиылысында) сағат 11.00.-ден бастап өткізіледі.