Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы ("Киім дизайны" құзыреті) бойынша қалалық кәсіби шеберлік байқауы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы ("Киім дизайны" құзыреті) бойынша қалалық кәсіби шеберлік байқауы

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 18-19 мамырда Алматы сән және дизайн колледжінің базасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында қалалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты: сервис және қызмет көрсету саласы бойынша педагогтерді анықтау, дарынды, шығармашылық педагогтерді қолдау болып табылды. Байқау үш модуль бойынша өтті:

 

Модуль​ 1 - "Эскиздеу"

 

Модуль 2 - "Көйлек пен күртешені жобалау/ модельдеу"

 

Модуль 3 - "Көйлек пен күртеше тігу"

 

Аталған байқауға Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы технологиялар және флористика колледжі, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі қатысты.

 

Қалалық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз:

 

1 орын – Кенжебаева Гульнур Кунтубаевна

 

2 орын – Садыкова Назерке Токтагановна

 

3 орын – Алимбетова Мадина Мергеновна

 

Жеңімпаз конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын болады.