Ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпова әлеуметтік желіде орналастырылған материал бойынша Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Ж. Айтпаева, басқарма маманы Т.Т. Салижанов және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің технологы Г.А. Мәметаевадан тұратын комиссияны асханада тамақтануды ұйымдастыруды зерделеу және мониторингілеу үшін №209 мектеп-гимназиясына жіберді.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша келесі ұсынымдар берілді:
1) дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша стендтер мен бейнетрансляциясы бар экрандарды орналастыру;
2) тағамның сапасын бақылауды және тағам дайындау технологиясын күшейту;
3) қызмет көрсетушіге бір ай ішінде тамақ дайындау жүзеге асырылатын асхананың ас блогында бейнебақылау жүйесін орнатуға және тапсырыс берушіге нақты уақыт режимінде тамақ дайындау процесінің бейне ағындарына қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді.
Сонымен қатар, тамақтану сапасын бақылау мақсатында әр жылдың басында қаланың Білім басқармасының бұйрығымен 5 топтан тұратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі Ведомствоаралық сараптама тобы (бұдан әрі - ВСТ) құрылады.
Аталған комиссия тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша мектепішілік комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
ВСТ қызметі аясында 2022 жылы барлық тамақтану орындарына барып, 12 мемлекеттік мектепте бұзушылықтар мен талаптардан жалтару анықталды. Мониторинг қорытындысы бойынша келесі шаралар қабылданды: жалға алушылар бойынша актілер жасалып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органына берілді, 12 мектептің директорына тәртіптік жаза қолданылды, №117 ЖББМ асханасын жалға алушымен шарт бұзылды.
2023 жылдың 1 тоқсанында 52 мектепке барылды, олардың қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында шығарылады.
Жоспар-кестеге сәйкес әр топқа білім беру ұйымдары бекітіліп, мектептерге бару мерзімі бекітілді.
Кесте бойынша №209 мектеп-гимназияға бару ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларында жоспарланған. Мектептерге жоспардан тыс бару Open-Almaty және EOtinish.kz аппараттық-бағдарламалық кешендері арқылы ресми өтініштер түскеннен кейін ғана ұйымдастырылады. Алайда, аталған білім беру ұйымы бойынша өтініш түскен жоқ.
Анықтама:
ВСТ қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі және Ережемен, Жұмыс жоспарымен және нақты ұсыныстармен жүзеге асырылады. ВСТ қызметінің қағидалары бекітіліп, оларға жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік айқындалды.
Принятые меры МЭГ по улучшению качества питания в 2022 и 2023гг.:
2022 және 2023 жылдары тамақтану сапасын жақсарту бойынша ВСТ қабылдаған шаралар:
1. Тамақтануды бақылау күшейтілді және ВСТ қызметінің құрамына аудан әкімінің орынбасарлары енгізілді. ВСТ құрамына енгізілген аудан әкімінің орынбасарлары төрағалығымен мектеп асханаларына бару ұйымдастырды.
2.Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында барлық орта білім беру ұйымдарына тамақтану және тамақтану ұйымындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөніндегі тапсырма хаты (22 тармақтан тұратын толық мазмұнды) міндетті орындау үшін жолданды. Пункттердің бірінде ас блоктарында орнатылған бейнебақылау жүйесінің бейне ағынын таратуды ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.
3.Қала мектептері оқушыларының тамақтану мәдениетінің жадынамасы (қағидалары) әзірленіп, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында барлық орта білім беру ұйымдарына жолданды. Бұдан басқа, тамақтану сапасын бақылау бойынша мектепішілік комиссияларға арналған ұсынымдар мен жадынамалар жолданды.
4. Қажеттіліктер мен ұсыныстарды ескере отырып, 2023 жылға арналған тегін тамақтану мәзіріне өзгерістер енгізіліп, жас санаттары бойынша әзірленіп бекітілді (1-4, 5-9, 10-11 сыныптар) және міндетті орындау үшін барлық орта білім беру ұйымдарына жолданды (мәзірдегі өзгерістер: әр күнге салаттар қосылды, алма саны аптасына 3 рет ұлғайтылды, аптасына 2 рет табиғи шырындар мен тағамдар әртараптандырылды).
5. Барлық білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында «Мектептегі тамақтану» бөлімінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша материалдар, сондай-ақ күнделікті тағамдардың мәзірі мен фотосуреттері орналастырылған.
Кері байланыс орнату және өтініш берудің ыңғайлылығы үшін Open-Almaty аппараттық-бағдарламалық кешенінде «Білім беру» бөлімінде, «Тамақтану» бөлімшесі құрылды, онда мектептегі тамақтану мәселелері бойынша барлық өтініштер тіркеледі. Сондай-ақ, Open Almaty порталында өтініштерді беру тәсілдері бойынша алгоритм орналастырылған: қоғамдық қабылдау бөлмесі, EOtinish.kz, сондай-ақ аудандық білім бөлімдері арқылы https://open-almaty.kz/.../kuda-obratitsya-po-voprosam....
Сонымен қатар, барлық мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Аталған комиссиялар оқушылардың тамақтану сапасына, санитарлық жағдайына, тамақ өнімдерін сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына, мәзірдің сәйкестігіне күнделікті бақылауды жүргізеді, келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына мониторингті және т.б. жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы тамақтануды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
Заңнама талаптарын бұзу мен жалтару анықталған жағдайда Акт жасалады және тиісті шаралар қабылданады.