2023 жылға 16 наурызында «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша арасында «Қазақ ұлттық қолданбалы өнері» қалалық кәсіби конкурсы өтті

2023 жылға 16 наурызында «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша арасында  «Қазақ ұлттық қолданбалы өнері» қалалық кәсіби конкурсы өтті

Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 16 наурызда Алматы сән және дизайн колледжінің базасында «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша арасында «Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері» қалалық кәсіби конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: қазақтың байырғы қолөнері, шеберлігі туралы студенттердің білімін байыту; студенттердің заманауи білім беру жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру, шығармашылықтарының құндылығын ашу; өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу.

Байқау алты кезең бойынша өтті:

1 кезең: Визит карточкасы;

2 кезең: Үй тапсырмасы: пано жасау

3 кезең: Ұлттық стильдегі коллекцияны көрсету;

4 кезең: Құрақ тігу

5 кезең: Текемет басу;

6 кезең: Құрғақ киіз басу

 

«Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері» қалалық кәсіби байқауына келесі колледждер қатысты:

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі.

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі.

Алматы технологиялар және флористика колледжі.

Алматы сән және дизайн колледжі.

Барлық қатысушылар мен жетекшілерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Хаттама