Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО жетекшілігімен жыл сайын өткізілетін «СЕНІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІҢ» жас оқытушылар байқауына екінші жыл мемлекеттік колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуда

Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, әрі қарай кәсіби өсуіне жағдай жасау.

Биыл байқауға 20 қатысушы өтініш берді. 1 кезең (қашықтан):

 - «Мамандыққа алғашқы қадамдарым» тақырыбына эссе;

 - педагогтың портфолиосы;

- «YouTube» арнасына жүктелген 1 бейне сабақ (ұзақтығы 10 минуттан аспайды).

II кезең: 2023 жылдың 15 наурызы, Өткізу нұсқасы – офлайн;

- «Менің педагогикалық қызметім» презентациясы (уақыт 7 минут).

2 кезеңнің нәтижелерінің қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздар:

1-ші орын- Елекенова Д.,

2-ші орын- Айтмуханбетова Н., Бисултанова Н.,

3-ші орын- Куанышева А., Аргынбаева А.

Байқау жеңімпаздары байқаудың Қалалық кезеңіне қатысатын болады.

Жас ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!