«Tesla Education» математика және ағылшын тілі бойынша TESLA open MIND ауқымды олимпиадасын өткізеді

«Tesla Education» математика және ағылшын тілі бойынша TESLA open MIND ауқымды олимпиадасын өткізеді

🔰Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы «Tesla Education» білім беру орталығымен бірлесе отырып қаланың жалпы білім беретін мектептері, гимназиялары мен лицейлерінің 3-5 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндері бойынша кең ауқымды TESLA OPEN MIND олимпиадасын өткізеді.
✔️Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық белсенділігіне қызығушылықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
📚Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Өтініштер 2023 жылдың 22 наурызына дейін келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/xHK7hKXYyT93PmW7A
✔️Олимпиада 2 турдан тұрады:
1️⃣тур – Онлайн олимпиада (тестілеу) – 2023 жылғы 23 наурызда;
2️⃣тур – офлайн олимпиада (тестілеу) – 2023 жылғы 26 наурызда Tesla Education білім беру орталығында.
📌Олимпиада қорытындысы бойынша келесі орындар анықталады: 1 орын – 1 қатысушы, 2 орын – 1 қатысушы, 3 орын – 1 қатысушы.
🏆Олимпиаданың жүлде қоры: 1 000 000 теңге
🥇орын – Ойынға арналған ноутбук
🥈орын – iPhone 13
🥉орын – Apple AirPods
✨Барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат беріледі.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:+7(778)303-35-55–Макенов А.А.
Instagram: @tesla.education
https://tesla-edu.kz