«Мектеп автобусы» жобасы Әуезов ауданындағы 5 мектепке қызмет көрсетеді

«Мектеп автобусы» жобасы Әуезов ауданындағы 5 мектепке қызмет көрсетеді

Әуезов ауданы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында биыл 5 мектеп (9, 42, 127, 130, 153) қамтылады. Бұл осы мектептерде оқитын барлық баланы тасымалдаумен қамтамасыз етеді.

Сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №9 және №127 мектеп оқушыларын тасымалдау қажет.

№153 мектеп-ұйғыр тілінде оқытатындықтан, осы мектепте қаланың үш ауданынан балалар келіп оқиды.

№130 гимназия және №42 мектепте балалар Алатау ауданына келіп оқитындықтан оқушыларды тасымалдау қажет.