Әуезов ауданында жаңа мектеп салынады

Әуезов ауданында жаңа мектеп салынады

Қазіргі таңда аудандағы мектепте 5 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Қала әкімі атап өткендей, сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету әкімдік жұмысының басымдығының бірі.

Былтыр 1725 орындық №117 және 132 мектептерге 2 қосымша пайдалануға берілді және 1 «Достық» жеке меншік мектебі ашылды.

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №97 мектеп ғимараты бұзылып, 600 орындық мектеп құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 3,5 мыңнан астам оқушы оқитын 4 мектепте сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Өткен жылы 348 орындық 6 жеке меншік балабақша ашылды. Биыл «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы басталады.