Бүгін Алатау ауданының «Дархан» ықшам ауданында 1500 оқушы орынға арналған №210 мектеп-лицейі ашылды

Бүгін Алатау ауданының «Дархан» ықшам ауданында 1500 оқушы орынға арналған №210 мектеп-лицейі ашылды

Қазіргі таңда білім ордасында 50 сынып- 1200 бала оқиды. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Бүгінгі ашылған мектеп биылғы оқу жылында қалада енгізілген 8-ші, Алатау ауданындағы 5-ші болып табылады.
Заман талабына сай салынған оқу ғимараты 7 блоктан тұрады. Мектепте 76 оқу кабинеті, жаңа талапқа сай асхана, спорт зал, кітапхана бар. Сыртқы спорт алаңы мен ойын алаңдары қарастырылған. Мектеп асханасында бір мезетте 270 оқушы тамақтана алады.
Қазіргі уақытта 1-4 сыныптардың 600 оқушылары тегін тамақтанады. Сонымен қатар мектеп оқушыларын тасымалдайтын 2 бағытта 6 автобус жүреді.
​​​​​​​
Мектеп білім берудің жаратылыстану-математикалық бағытын тереңдету бойынша жұмыс істейді. Арнайы биология, химия, физика пән кабинеттері және зертханалары практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған.
Оқу кабинеттері интерактивті панель, SMART тақтамен және заманауи модификациядағы жиһаздармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінде панорамалық әйнектер қойылған. Мектеп дәліздері мен кабинеттері кең, жарық және эрогономикалық интерьермен ерекшеленеді.
Қыздарға арналған аспаздық және тігін шеберханасы, ұлдарға арналған саз балшықпен және керамика өңдеу үйірмелері бар. Спорттық бұйымдармен толық жабдықталған 2 спортзал жұмыс істейді.
Оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету мақсатында Алматы қаласы бойынша 2022 жылы 14 693 орынға 17 нысан пайдалануға берілді. 2023 жылдан бастап «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру аясында 37 100 оқушыға арналған 22 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Соның ішінде 5 жаңа мектеп Алатау ауданында орналасады. Жергілікті бюджет есебінен жер учаскелері және оларды инфрақұрылымға қосу мәселелері шешілетін болады.
Бұдан басқа, қала әкімдігі «1000 мектеп» жобасын іске асыруды жалғастырады, оның шеңберінде 23-25 жыл ішінде 27 150 орындық 36 білім беру нысаны іске қосылады. Бұл шаралар 2027 жылдың соңына дейін оқушы орындарының тапшылығын 3 мыңнан 5 мыңға дейін азайтуға мүмкіндік бермек.