ҚББЖТҒӘО «Education First», «Edustream», «Study Inn» халықаралық білім беру орталықтарымен қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

ҚББЖТҒӘО  «Education First», «Edustream», «Study Inn» халықаралық білім беру орталықтарымен қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы 23 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы мектептер мен гимназияларда көптілді білім беруді дамыту мақсатында ҚББЖТҒӘО  «Education First», «Edustream», «Study Inn» халықаралық білім беру орталықтарымен, сонымен қатар  ҚР ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы және  шет  тілі  мұғалімдерінің республикалық қауымдастығымен   ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Халықаралық орталықтармен және қауымдастықтармен ынтымақтастық орта білім беру ұйымдары мен ТжКБ мұғалімдері үшін әдіснамалық іс-шараларды өткізу үшін халықаралық деңгейдегі жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді.

       Және де 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Edustream» халықаралық орталығының  оқытушылары Боб Оби және Джозеф Шейх пән мен тілді интеграцияланған бағытта  оқыту және оқытушыларды халықаралық емтихандарға дайындау мәселелері бойынша бірқатар сессия өткізді. Сонымен қатар Алматы қаласының оқушылары «WonderFest» театр байқауына қатыса алды.

Екі жыл қатарынан  Швейцария кеңсесінің қолдауымен «Education First»  халықаралық білім беру орталығы ҚББЖТҒӘО - мен бірлесіп 3000-нан астам адам қатысатын «Spelling Bee\» байқауын өткізуде. Байқау қорытындысы бойынша  екі жеңімпаз бір шетелдік мектепте ағылшын тілі курсын   оқу грантымен марапатталады.

 

   Жоғары білікті CELTA-оқытушылармен семинарлардан басқа «Study Inn» ҚББЖТҒӘО-мен бірлесіп эксперименттік мектептерде PISA тестілеуін өткізді; тестілеу нәтижелері емтиханға әдістемелік нұсқаулық жасау үшін өңделеді.

ҚР ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен ынтымақтастық «Медиа сауаттылық»  жобасында ағылшын тілі мұғалімдерін және American Space базасында біліктілікті арттыру курсында оқытуды қамтамасыз етті.

Сонымен қатар  «MacMillan» білім беру орталығымен ынтымақтастық жемісті жүріп жатыр, онда ағылшын тілі мұғалімдері екінші жыл халықаралық сарапшылармен TOEFL-ге дайындық бойынша вебинарларға қатысуда.

Алматы қаласы мектептері мен гимназияларының ағылшын тілі мұғалімдерін  Оксфорд университеті мен OUP баспасы оқытушыларының семинарлары мен тренингтеріне тоқсанына бір рет  қатысуын қамтамасыз ететін «Interpress Distribution» компаниясының жұмысын  атап өткім келеді.

Алматы қаласы  ҚББЖТҒӘО жоғарыда аталған ұйымдармен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа жұмыс жасайтынына сенім білдіреді.

Бірлескен іс-шаралар туралы толық ақпаратты Алматы қаласы   ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің парақшасынан https://www.instagram.com/uchebny_otdelalmaty/ білуге болады.