2022 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың төрағалығымен қала мектептерінің оқушыларын дұрыс және теңгерімді тамақтанумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске қала әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпова, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Л.Ә. Жылқыбаева қатысып, 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері тыңдалды.
Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының барлық 1-4 сынып оқушылары (124 мың оқушыны қамти отырып) тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, жалпы білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан (ХӘОТ санаты, 9 мың оқуға арналған) 5-11 кл. білім алушылар тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
Жалпы тегін тамақпен қамту шамамен 133 мың оқушыны құрайды (немесе орта білім беру ұйымдарының жалпы контингентінің 45,3%).
Өткен оқу жылымен салыстырғанда тегін тамақпен қамтудың өсімі – 38,3% құрағанын атап өту керек.
Барлық 1-4 сынып оқушылары және ХӘОТ санатынан 5-11 сынып білім алушыларын ұтымды теңдестірілген тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін қаланың барлық мектептері үшін орталықтандырылған маусымдық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, 4 апталық мәзір бекітілді.
Мектеп мәзірі Білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
Тегін тамақтану құны Алматы қаласының статистика органдарының азық-түлік тауарларына қатысты деректеріне сәйкес қалыптастырылады және есептеулерде 12% ҚҚС үстемелері қарастырылған (тегін тамақтану құны 1-4 кл. 560 тг құрайды.)
Табиғи өнімдерден балаларға арналған рацион: көкөніс салаттары, екінші тағамдар (сиыр, тауық еті және балықтан) сүзбеше, жемістер (алма), жеміс шырындары мен сусындар (компот, кисель).
Барлық мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс істейді, оның құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қауымдастығының өкілдері (Қамқоршылық кеңес) кіреді. Бұл комиссиялар күнделікті бақылауды жүргізеді: оқушылардың тамақтану сапасына, тамақ дайындау технологиясына, санитарлық жағдайға, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтың жарамдылығына, тамақ өнімдерін сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына, мәзірдің сәйкестігіне, келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына мониторингті жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына сәйкес 2022 жылға арналған тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобын (бұдан әрі - ВСТ) құру туралы бұйрық шығарылды, қала мектептерінде тамақтану сапасын жақсарту мақсатында комиссия құрылды, оның құрамына білім басқармасының өкілдері (аудандық білім бөлімдері), мәслихат депутаттары, Қазақ тамақтану академиясы, ата-аналар жұртшылығы және т.б. кірді, сондай-ақ мектептерге барудың жоспар-кестесі жасалды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 8 қарашасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпованың төрағалығымен ведомствоаралық сараптама тобының кеңейтілген отырысы өткізілді. Аталған отырысқа барлық мүдделі тұлғалар және ВСТ тобының барлық құрамы шақырылды.
Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар жүйелі мониторинг жүргізеді, қалалардың барлық мектеп асханаларына барады. Сапасыз тамақтануға өтініштер түскен жағдайда мектептерге қосымша барады.
Жоспар-кестеге сәйкес ВСТ комиссиясы азық-түлік нысандарына барып, 12 мемлекеттік мектепте бұзушылықтар мен талаптардан жалтару анықталды. Мониторинг қорытындысы бойынша келесідей шаралар қабылданды: жалға алушылар бойынша актілер жасалып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органына берілді, мектеп директорларына тәртіптік жаза қолданылды, асхананы жалға алушымен шарт бұзылды.
Тамақтану сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар:
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.