ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады.

Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Акция биылдың 2 қазанына дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Барша қазақстандықты челленджге белсене қатысуға, өз мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтауға және олардың маңызды және игі еңбегі үшін алғыс білдіруге шақырамыз!