👩🏻‍🏫Құрметті педагогтер!

👩🏻‍🏫Құрметті педагогтер!

💻2022 жылғы 28 маусымнан бастап app.testcenter.kz сайтында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
👆ҰБТ өткізу мерзімі: 11-29 шілде аралығы.

✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✔️мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
✔️білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
✔️жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
✔️қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
✔️білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
✔️техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
✔️педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
✔️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.

Байқау тестілеу сұрақтары бойынша Ustudy ☎️ 87002029335.
📍 Шевченко 97