«ЖАС ТҮЛЕК-2022» мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен марапаттау салтанатты рәсімі

«ЖАС ТҮЛЕК-2022» мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен марапаттау салтанатты рәсімі

2022 жылғы 17 маусымда Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алдында) «ЖАС ТҮЛЕК-2022» атты мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы, әкімнің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің директорлар Кеңесінің төрайымы Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы, еңбек ардагерлері, мектептердің үздік педагогтары.

Салтанатты іс - шараны халықаралық байқаулардың жүлдегері «Бозторғай» вокалдық тобының әншілері «Қазақстаным» әнін орындаумен ашты.

Қала әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы түлектерді жылы құттықтап, алға қойған мақсаттарға және жаңа жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді. Одан кейін қала әкімі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына «Алтын белгі» белгісін табыстады.

Марапаттау рәсімін әкімнің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова және Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы жалғастырды.

Салтанатты шара барысында Қазақ ұлттық опера және балет театрының талантты вокалистердің музыкалық орындауында түлектер вальс биледі.

Салтанатты шара мерекелік салютпен аяқталды.