Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткізілген «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша ақпарат

Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткізілген «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша ақпарат

Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасындағы «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауы биыл алғаш рет өткізіліп отыр.

2022 жылдың 4-30 мамыр аралығында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының  қалалық кезеңі онлайн режимінде өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - педагог мәртебесін арттыру, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату. Байқауға 12 арнайы бөбекжай-балабақшаның 9 тәрбиешісі мен 8 арнайы мектеп-интернаттан 13 мұғалім қатысуға ниет білдірді.

Қалалық комиссия құрамы Білім басқармасының қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, «Ұстаз» қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасынан, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметкерлерінен, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылды.

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы:

- I орын – 1 мұғалім-дефектолог;

- II орын –  1 тәрбиеші, 1 мұғалім-логопед;

- III орын – 1 тәрбиеші, 1 мұғалім - дефектолог, 1 мұғалім-логопед.

Жеңімпаздар педагог қызметкерлердің тамыз конференциясында марапатталатын болады.