Бүгін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге еліміздегі ғасырға жуық тарихы бар, Алаш арыстары А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Т.Жүргенов сияқты ұлт зиялыларының қамқорлығы арқасында жабылудан сақталып қалған, бір кездегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі – Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның қабырғасында, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Бұл мектептің атақты түлектерінің қатарында Ә.Қастеев, К.Бәйсейітова, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, С.Мұхаметжанов және т.б. бар. 10200 экспонат сақталған мектеп мұражайына барып, Қазақстандағы орта білімнің даму тарихымен танысу болды.
Республикалық олимпиада 2022 жылғы 18-23 сәуір аралығында барлық өңір бойынша "Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша жаңа электрондық форматта өткізілді.
Біздің алматылық оқушылар 88 жүлделі орынға ие болды:
- 16 алтын,
- 27 күміс,
- 45 қола медаль.
Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасына "Үздік олимпиадалық команда – 2022" атағы берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және Алматы қаласы әкімінің атынан ақшалай сыйақы сертификаттармен марапатталды (1 орынға - 200 000, 2 орынға - 150 000, 3 орынға - 100 мың теңге).
Дарынды шәкірттер Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлына өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, көңілдерінен шыққан жауап алды. Емен-жарқын, еркін форматта өткен кездесуден кейін оқушылар министрмен естелік суретке түсті.
Балалардың шынайы бақытты жүздерін көру - үлкен қуаныш! Оларға жаңа жетістіктер тілейміз! Сондай-ақ олимпиадаға қатысушылардың ұстаздарын, ата-аналарын және жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
Алматы қаласының әкімдігі біздің оқушылардың Олимп шыңдарын одан әрі бағындыруы үшін жағдай жасауды жалғастырады.