WorldSkills Almaty-2022 чемпионатының қорытындысы шығарылды

WorldSkills Almaty-2022 чемпионатының қорытындысы шығарылды

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын жүзеге асыру және Балалар жылы аясында 2022 жылдың 11-20 мамыр аралығында WorldSkills International құзыреттері бойынша Алматы қаласының колледждер алаңдарында WorldSkillsAlmaty-2022 аймақтық чемпионаты өткізілді.
Чемпионаттың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 20 мамырда Оқушылар сарайында Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпованың, Алматы қаласының Білім басқармасы басшылығының, сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің, чемпионаттың ресми демеушілерінің, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің қатысуымен өтті. 1-3 жүлделі орынға ие болған чемпионаттың 186 жеңімпазы жұмысқа орналасуға жолдама алды және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, 1 орын иеленушілерге сыйлық ретінде планшеттер берілді.
WorldSkills Almaty-2022 чемпионаты WorldSkills Kazakhstan жалпыұлттық қозғалысын қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Чемпионатқа инженерлік және өңдеу технологиялары, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық және әлеуметтік қамтамасыз ету бағыттарының 51 құзырет бойынша 353 студент қатысты.
Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары Алматы қаласының атынан WorldSkills республикалық чемпионатына қатысады.