Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсіміне қатысады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы 20 мамырда  Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсіміне қатысады.

Естеріңізге салсақ, оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасы 2022 жылы 18-23 сәуір аралығында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізілді.
Олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен жалпы саны 2044 оқушы, соның ішінде Алматы қаласынан 152 оқушы қатысты.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша:
• 183 оқушы алтын;
• 274 оқушы күміс;
• 462 оқушы қола медаль иеленді.
Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 920 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Алматылық оқушылар 88 жүлделі орын: 16 алтын, 27 күміс және 45 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте «НЗМ» ДББҰ-дан кейін 2-ші орынды иеленді.
Академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиаданың барлық турлары бейнебақылау жүйесімен, тәуелсіз бақылаушылармен қамтамасыз етілді.
Енді жеңімпаздар іріктеуден өткеннен кейін олимпиадалық резервке түсіп, оларға оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Қазақстанның намысын IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда қорғайтын Ұлттық құрама жасақталады.
Айта кетейік, 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 қатысушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алды. Биыл медальдар саны өткен жылмен салыстырғанда көп. Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңге 96 443 оқушы, облыстық кезеңге 14 369 оқушы қатысты.

Толық ақпарат https://daryn.kz сайтында жүктелінді.