Іс-шараның мақсаты: колледждердің кәсіби бағдар беру жұмыстары және ТжКББ жүйесін насихаттау.
Аудиторияны қаланың 8 ауданынан 5 000-нан астам оқушы және колледждердің 200-ден астам еріктілері қамтыды. Іс-шараға Алматы қаласының 55 колледжі қатысып, өз мамандықтарын таныстырды және шеберлік сабақтарын өткізді. Бұл талапкерлерге өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға нақты жауап алуға мүмкіндік берді.