🔺ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

🔺ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңа жылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады.

Жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайтын болады.