Алматы қаласы оқушыларының республикалық байқаулардағы жеңістер легі жалғасуда

Алматы қаласы оқушыларының республикалық байқаулардағы жеңістер легі жалғасуда

 

Күні кеше Алматы қаласында өткен "Ділмар" республикалық шешендік өнер байқауында №104 ЖББМ 11 сынып оқушысы Болатбеков Бағжан І орын , ал №162 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Қалдыбек Дилназ ІІ орын иегерлері атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Терең ой, ұтқыр шешім, тапқыр қисын шеберлерін жеңістерімен құттықтаймыз!!!