Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы     29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  Алматы қаласы Білім басқармасы жекеменшік ұйымдар арасында 3 пен 18 жас аралығындағы балалар үшін  5000 орынға мемлекеттік тапсырыс конкурсын өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылы             15 – 26 қараша аралығы.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайындағы 356-кабинетте жүзеге асырылады, тел 262-27-44

 

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Ұйымдарды іріктеу критерийлері:

 

      1) № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар қосымша білім беру ұйымының ғимаратын/орнын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесінің болуы;

      2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәліктің көшірмесі, ұйымның жарғысының (ереже, құрылтай шарты) болуы;

      3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтердің болуы;

      4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе Ұйым пайдаланатын жалдау шартының көшірмесінің болуы;

      5) Ұйымдар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру білім беру бағдарламаларының көшірмелерінің болуы.

      Білім беру бағдарламасының мазмұны мақсаттар мен міндеттерді, оқыту мерзімдерін, мазмұнын, білім көлемін, игеру дағдылары, біліктері мен құзыреттіліктерін, күтілетін нәтижелерді, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдарын қамтиды.

      6) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі туралы құжаттарының көшірмелерінің болуы;

      7) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.

      8) жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшылардың, зерттеушілердің, шеберлердің үлесі олардың жалпы санынан кем дегенде 10 пайызды құрайды.

 

Комиссия ұсынылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде отырыста қарайды