Хабарландыру

Хабарландыру

Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына сәйкес 5-17 жас аралығындағы балаларға арналған 5000 орындық 8 бағыт бойынша қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламаның әкімгері тиісті бюджет комиссиясы жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қарағаннан кейін жеңімпаздар деп танылған Алматы қаласының жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шарт жасайды.

8 бағыт (туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, дене шынықтыру-спорттық, музыкалық-аспаптық (мамандандырылған), инклюзивті қосымша білім беру) бойынша қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс Алматы қаласының жекеменшік қосымша білім беру ұйымдары арасында өткізілетін болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпарат кейінірек жарияланады.