Азаматтарды онлайн қабылдау өтті

Азаматтарды онлайн қабылдау өтті

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ағымдағы жылғы 20 қазанда Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.Ә. Жылқыбаева онлайн форматында кезекті рет азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында өтініш білдірген азаматтарға мектепке дейінгі тәрбие саласына, инклюзивті оқытуға және білім берудің басқа да бағыттарына қатысты жауаптар берілді.