Алматы қаласы бойынша "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының слеті

Алматы қаласы бойынша "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының слеті

2021 жылғы 19 қазанда Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен және "Sanaly urpag" республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары белсенділерінің қалалық слеті ұйымдастырылды.
Слет жұмысына "Sanaly urpag" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басшысы К. А. Сәлімбаев, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары К. И. Жұманов, Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО "тәрбие жұмысы және өзін-өзі тану" бөлімінің басшысы Р. Г. Акмагамбетова, мектеп және гимназия басшылары, "Адал ұрпақ"мектеп клубтарының 3105 мүшесі қатысты. Қалалық слет онлайн және офлайн форматта өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.И. Жұманов өзінің құттықтау сөзінде "Адал ұрпақ" мектеп клубы жұмысының басты мақсаты мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал еңбек пен білімді насихаттау, жастарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті.
Ол бүгінгі таңда қаланың 289 мемлекеттік және жеке меншік мектептерінде 289 "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыс істеп жатқанын, олардың мүшелері 5-11 сынып аралығындағы 100 мыңнан астам оқушы екенін атап өтті.
Слетте "№34 Гимназия" КММ директоры Р. И.Джаханов, "№137 ЖББМ" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П. Н. Баймбет сөз сөйлеп, слетке қатысушыларды "Адал ұрпақ" мектеп клубтарының атқарған жұмыстары және 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарлары туралы хабардар етті.
"Адал ұрпақ" мектеп клубтарының белсенділері Харов Рамазан, Дүйсен Сымбат сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша жекелеген іс-шараларды өткізу бойынша нақты ұсыныстар енгізе отырып, одан әрі қызметті жандандыру бойынша өз ұстанымдарын білдірді.
"Sanaly urpag" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі - Қ.А. Токушев өз сөзінде "Адал ұрпақ" клубы - бұл болашаққа салынған инвестиция екенін және біздің балаларымызды келесі ұрпақтардың оқуы үшін тәрбиелеу керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, ол "Адал ұрпақ" мектеп клубтарының парасаттылық идеологиясын насихаттау жөніндегі жұмыстарының нақты нысандары мен әдістерін белгілеп, "Адал ұрпақ"мектеп клубтарының мүшелері Қазақстанның игілігі үшін белсенділік, креативтілік және көптеген игі істердің орындалуына сенім білдірді.
Қалалық слет аясында 900-ден астам оқушы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының қатарына онлайн және офлайн форматта салтанатты түрде қабылданды.
Слеттің қорытындысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарында "Адал ұрпақ" мектеп клубтарының жұмыс істеуі мен дамуының негізгі міндеттері мен перспективалары белгіленді.