"WorldSkills Almaty 2021" алтыншы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.

"WorldSkills Almaty 2021" алтыншы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.

   2021 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығымен Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің базасында IT бағыттың 13 құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Almaty 2021" алтыншы аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.
   Чемпионатқа Алматы қаласының ЖОО-мен колледждерінің 100-ден астам студенті қатысады. Бұл өз дағдыларын көрсететін және өз қызметіндегі ең жақсы атақ үшін бәсекелесетін мамандар.
   "WorldSkills Almaty 2021" алтыншы өңірлік чемпионатының қорытындысы 30 қыркүйекте шығарылады. Жеңімпаздар Нұр-сұлтан қаласында өтетін "WorldSkills Kazakhstan 2021" Ұлттық чемпионатына жолдама алады.
   Осы іс-шарадағы барлық үміттер ақталсын, ал жинақталған тәжірибелер қатысушылар үшін жақсы нәтижелер берсін.