Алматы қаласы Білім басқармасы 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес Алматы қаласының 448 білім беру ұйымдарының (207 мектеп, 20 колледж, 12 интернаттық мекемелер, 189 мектепке дейінгі білім беру және 17 қосымша білім беру мекемелері) Қамқоршылық кеңестерінің құрамы жаңа құрамда қайта құрылатынын хабарлайды.
Осыған орай, үміткерлер Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды 2722101@mail.ru электрондық поштаға жолдауларына болады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.