2021 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласы Жетісу ауданы № 177 ЖББМ жанындағы алғашқы жылыжайдың тұсаукесері өтті. Болат Өтемұратов қоры «Жасыл мектеп» жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

2021 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласы Жетісу ауданы № 177 ЖББМ жанындағы алғашқы жылыжайдың тұсаукесері өтті. Болат Өтемұратов қоры «Жасыл мектеп» жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Іс-шара барысында жылыжайдың жұмысы, сондай-ақ мұғалімдер үшін қызықты факультативті сабақтар өткізуге тамаша мүмкіндік беретін мектеп бағдарламасы талқыланады. Оқушылар көкөністер, жидектер мен көк шөптерді өсіреді, ал өнім мектеп командалары арасындағы демонстрациялық жобалар мен байқауларда қолданылады.

«Жасыл» технологиялар мен экологиялық ойлау – бұл біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатын жаһандық тренд. Сондықтан ерте жастан бастап балаларда эко мәдениетті тәрбиелеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету маңызды.

Жаңа оқу жылында осы бастама аясында факультативтік сабақтар Алматы қаласы он алты мемлекеттік мектебінің 5-7 сынып оқушылары үшін өткізілетін болады.