Алматы - еліміздің ірі білім беру орталығы және барлық бағыттарда белсенді дамуын жалғастыруда.

Алматы - еліміздің ірі білім беру орталығы және барлық бағыттарда белсенді дамуын жалғастыруда.

Қалада халық саны жыл сайын өскен сайын, мектеп жасындағы балалар саны да өсуде.
Бүгінгі күні қалада білім беру нысандары өткен жылдармен салыстыруға келмейтін белсенді қарқынмен салынуда.
Биылғы жылы 12600 орындық 8 жаңа мемлекеттік мектептің құрылысы және қолданыстағы 17 мектепке 20 863 орындық қосымша ғимарат құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда, Орбита-1 ықшамауданы, 41-үйде орналасқан Бостандық ауданы № 60 гимназияның қосымша ғимарат құрылысы аяқталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күні қарсаңында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде № 60 гимнзияның 600 орындық қосымша ғимараты ашылды.
№ 60 гимназияның кеңейтілуі мектеп пен аудан тұрғындарына жабдықталған спорт алаңдарында спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар сыныптардағы оқушылардың санын азайтады.