2020-2021 оқу жылының қорытындысы шығарылды

2020-2021 оқу жылының қорытындысы шығарылды

Ағымдағы жылғы 4 маусымы Zoom және Алматы қаласы Білім басқармасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы тікелей эфир арқылы 2020-2021 оқу жылының қорытындысына арналған қалалық педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысына мектеп директорлары, мұғалімдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, «Ұстаз» қалалық кәсіподағының басшылығыжәне арнайы шақырылған Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалының директоры Е.С.Пайзов,Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық  университетінің ректоры Д.Н. Билялов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Ә. Қанай қатысты.

Қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылған 2020-2021 оқу жылында 278 орта білім беру ұйымдарында 288 мыңнан астам оқушы білім алды.207 мемлекеттік мектепте 10549 түлек, 71 жекеменшік мектепте 962 түлек оқуын аяқтады.

2020-2021 оқу жылы барысында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз ету және мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында қалада түрлі жобалар, оның ішінде «Педагог-шебер» - озық тәжірибе», «Жас тәжірибе», «Ақылды сабақ - оқыту сапасын арттыру», «Директор сенбі - ата - аналар дауысы»  және басқалары іске асырылды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының оқушылары 16 жалпы білім беретін пән бойынша жыл сайынғы Республикалық олимпиадада кезекті рет 1 орын алды, ал 11 сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен Президенттік олимпиаданың  нәтижелері бойынша үздік деп танылды.

Жалпы отырыс барысында 2020-2021 оқу жылы ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері талқыланып, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.